Жалақы кешіктірілген кездегі қызметкерлердің еңбек құқықтары: жұмыс берушінің жауапкершілігі және өз құқықтарын қорғау тәртібі

Опубликовано:

Автор:

в категории

! Жалақы айына кемінде бір рет және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Нақты төлем күні еңбек немесе ұжымдық шартта белгіленуге тиіс.

! Қызметкер бірінші кезекте жұмыс берушіге берешекті төлеу туралы талаппен жүгінуге құқылы. Егер мәселе шешілмесе, заңда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жүгіну қажет.

! Жалақы төлеу кешіктірілген кезде жұмыс беруші берешекті ғана емес, сонымен бірге мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін өсімпұл төлеуге міндетті. Бұл ҚР ЕК 113-бабының 3-тармағында көзделген.

! Өсімпұл жалақы төленуге тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап және нақты төленген күнге дейін (қоса алғанда) есептеледі.

! Жұмыс беруші ай сайын қызметкерге жалақының құрамдас бөліктері, ұстап қалулар және төленуге тиісті жалпы сома туралы ақпарат ұсынуға міндетті.

! Жалақыны толық көлемде және белгіленген мерзімде төлемегені, сондай-ақ кешіктірілген кезең үшін өсімпұл есептемегені немесе төлемегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген. Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты (30-дан 200 АЕК-ке дейін) болады.

Жалақыны кешіктіру – бұл қызметкердің еңбек құқықтарын бұзу болып табылады. Қызметкер берешектің және заңда көзделген өсімпұлдың төленуін талап етуге құқылы.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1288882?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *