РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАҒЫ АҚАУЛАР МЕРДІГЕР ЕСЕБІНЕН ЖОЙЫЛАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Әлеуметтік желіде А-15 «Жызақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Сарыағаш – Жібек жолы» республикалық автожолының Келес ауданы аумағындағы жай-күйіне қатысты бейнематериал тараған болатын. Осыған байланысты жолдың 156–190 шақырым аралығындағы жөндеу учаскесіне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде шамамен 2–3 шақырым аумақта асфальтбетон жабынында колея және ығысу түріндегі ақаулар анықталған.
Мамандардың мәліметінше, ақауларға аптап ыстық, тәулігіне 15 мыңнан астам көліктің, оның ішінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысы және жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысының толық тоқтатылмауы әсер еткен. Анықталған кемшіліктерді жою «АлемТрансЖол» ЖШС-не тапсырылды. Жол учаскесі кепілдік мерзімінде болғандықтан, барлық қалпына келтіру жұмыстары мердігер ұйымның өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жұмыстардың сапасы техникалық қадағалау ұйымымен бірлесіп бақылауда. Жөндеу аяқталған соң жол учаскесі қайта тексеріледі. Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерді сақтап, жаңадан төселген асфальтқа шықпауды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Анықталған кемшіліктер қысқа мерзімде толық жойылады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1287265?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *