
Өрт сөндіруші мамандығы – өзгенің өмірін құтқару үшін өз өмірін қауіпке тігу. Осындай жауапты жолды таңдаған азаматтық қорғау кіші сержанты, Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Әділбек Әділет Қанатбекұлы 2015 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарды. Әділет өзін білікті әрі батыл маман ретінде танытып, талай күрделі өртті ауыздықтауда ерен еңбегімен есте қалған батырымыз. 2020 жылы дөңгелек қоймасындағы өрт кезінде әріптестерімен бірге кәсіби әрекет етіп, адам шығынына жол бермеуге өлшеусіз үлес қосты. Алайда жас ғұмыр 2021 жылғы 26 тамызда қызметтік борышын орындау кезінде үзілді. Отан алдындағы антына адал болған Әділеттің есімі ел жадында ерлігімен қалды. Батырдың аты өлмейді… @112jambyl
Жамбыл облысы ТЖД
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1281019?lang=ru

Добавить комментарий