
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің үйлестіруімен Терроримзге қарсы комиссия жұмысшы топ мүшелерінің қатысуымен Түркістан облысы Денсаулық басқармасына қарасты осал объектілердің басшыларына террористік қауіптің алдын алу және төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-қимыл алгоритмі бойынша түсіндірме профилактикалық жұмыстар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – денсаулық сақтау ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру, басшылардың құқықтық сауаттылығын күшейту, сондай-ақ террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындаған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндіру.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №40 «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрықтың талаптары кеңінен талқыланды.
Сонымен бірге, нақты мысалдарды пайдалана отырып, объектілерде алғашқы әрекет ету алгоритмі және олардың айналасындағы күдікті адамдар мен заттарды анықтау, қылмыс жасау немесе қатер төндіру туралы хабарламаларды (телефон, почталық арна, электрондық почта және т.б.) лаңкестік әрекеттерді жасау, орнатылған жарылғыш заттар, қарулы шабуыл, сондай-ақ кепілге алдынған кезде, қалай іс-әрекет ету керектігі түсіндірілді.
Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1280531?lang=ru

Добавить комментарий