
ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. 2025 жылғы 21 тамызда «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Жаңа конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал — мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында педагог-психологтардың аудандық секциялық отырысы ұйымдастырылды. Инклюзивті және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды жиынға Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н. Азимбаев, білім бөлімінің әдіскері А. Амреева және аудан мектептерінің педагог-психологтары қатысты. Секциялық отырыстың күн тәртібінде келесі өзекті мәселелер қаралды:Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі: Аудан бойынша «тәуекел тобына» жататын балалар мен отбасыларды анықтау және оларды ведомствоаралық сүйемелдеуді ұйымдастырудың тиімді тәжірибелері;Нормативтік-құқықтық база: Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру мен үйлестірудегі нормативтік талаптарды тәжірибеде тиімді іске асыру жолдары;Қауіпсіздік және алдын алу: Оқушылар арасындағы буллинг пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың заманауи тетіктері;Инклюзивті білім беру: Ерекше білім беруді қажет ететін, психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері;Инновация: Психологиялық қызметте цифрландыру құралдары мен жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін тиімді қолдану.📌 ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР:Жиын қорытындысы бойынша Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы Н. Азимбаев білім беру ұйымдарындағы педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің жұмысын жүйелендіруді және оқушылар арасындағы буллинг пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шараларды барынша күшейтуді нақты тапсырды. Секция қатысушылары жаңа оқу жылына арналған негізгі әдістемелік нұсқаулықтарды басшылыққа алды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1278828?lang=ru

Добавить комментарий