
Нөмірін қағазбен жасырған жүргізуші жауапқа тартылды
🚔Жамбыл облысында полиция қызметкерлері аумақты патрульдеу барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 487-шақырымында нөмірі анық көрінбеген «KIA K5» автокөлігін байқап, тоқтатты.
📌Тексеру кезінде көліктің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі әріптік-цифрлық белгілердің бір бөлігі қағазбен әдейі жабылғаны анықталды. Бұл бейнебақылау камералары арқылы мемлекеттік нөмірді толық көруге және көлікті сәйкестендіруге кедергі келтірген.
❗Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1277105?lang=ru

Добавить комментарий