Президент Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифті Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жеделхатында орнықты даму жолында Пәкістанның айтарлықтай табысқа жеткеніне тоқталып, екіжақты және халықаралық күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұдайы бейіл екенін білдірді.

Қазақстан Президенті Премьер-министр Шахбаз Шарифтің елдеріміздің өзара ықпалдастығына тың серпін беретін Астанаға мемлекеттік сапарына ерекше ден қойып отырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардари мен Шахбаз Шарифтің жауапты қызметтеріне табыс, ал достас Пәкістан халқына құт-береке тіледі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil-kaiyndy/press/news/details/1274876?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *