
1–3 шілде аралығында Абай облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттерінің жас қызметкерлерін біріктірген слет өтті.
Слеттің алғашқы күні қатысушылар өңірдің тарихы мен мәдени мұрасымен танысты. Жас қызметкерлер Абай музейіне, облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, сондай-ақ слет өткен алаңға айналған педагогикалық колледждің тарихымен танысты.
Экскурсиялық бағдарлама қатысушыларға Семей қаласы мен Абай облысының бай тарихын тереңірек тануға мүмкіндік беріп, мазмұнды білім беру бағдарламасының сәтті бастамасы болды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1261007?lang=ru

Добавить комментарий