ШАРДАРА АУДАНЫНДА ҮШ БІРДЕЙ МЕРЕКЕНІ ҰЛЫҚТАҒАН КЕШ ӨТТІ.

Опубликовано:

Автор:

в категории
2026 жылғы 6 шілде күні Шардара қаласындағы «Алты Алаш» алаңында аудан өнерпаздарының қатысуымен ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясының күшіне енген күнімен тұспа-тұс келген Ұлттық домбыра күні және Тәуелсіз еліміздің мерейлі мерекесі – Астана күніне арналды. Үш бірдей маңызды тарихи күнді тоғыстырған бұл рухани кеш елдік құндылықтарды дәріптеп, ұлттық бірлік пен патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.
Ұлттық домбыра күні – халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен мәдениетін, төл өнері мен рухани мұрасын ұлықтайтын айрықша мереке. Қасиетті қара домбыра – қазақ халқының болмысы мен бірлігінің, елдік рухы мен асқақ мұратының мәңгілік белгісі. Оның қоңыр үні ұлттың шежірелі тарихын ұрпақ санасына сіңіріп, ата-баба аманатын бүгінгі күнмен жалғап, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырта береді.
Ал Астана күні – Тәуелсіз Қазақстанның жасампаздық жолының, мемлекеттілігіміздің нығаюы мен ел дамуының жарқын көрінісі. Бүгінде Астана – еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы ғана емес, тәуелсіздігіміздің тұғырына, халқымыздың бірлігі мен жарқын болашағының символына айналған қасиетті мекен. Оның қарқынды дамуы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің айқын айғағы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүзеге асырып отырған саяси реформалар мен конституциялық жаңғырулар әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Бұл бастамалар елдің тұрақты дамуына серпін беріп, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі бекемдей түсуде.
Мерекелік іс-шара барысында ең алдымен Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының мерекелік құттықтауын жеткізілді. Аудан әкімінің құттықтауында барша аудан тұрғындары Ұлттық домбыра күні, Астана күні және Қазақстан Республикасының Конституциясының күшіне енген күнімен құттықталып, ел бірлігі мен татулығы, мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен халқымыздың амандығы тілінді.
Одан кейін Шардара қаласының әкімі Досбол Жүсіпұлы Жұмәділлаев сөз алып, қала тұрғындарын айтулы мерекелермен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ, мерекенің мәні мен маңызына тоқталып, тұрғындарға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық пен тұрақты даму тіледі.
Концерт барысында аудан өнерпаздары ұлттық өнердің жауһарларын орындап, халқымыздың ән-күй мұрасын дәріптеді. Домбыраның күмбірлеген қоңыр үні мен патриоттық әндер көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлап, мерекелік кештің сәнін келтірді. Жиналған жұртшылық өнерпаздардың өнеріне зор қошемет көрсетіп, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Үш бірдей мерекенің мәні – өткенді құрметтеп, бүгінді бағалап, болашаққа сеніммен қадам басу. Ұлттық өнерімізді ұлықтап, елордамыздың мерейін асқақтатқан осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыра түседі.
Үш бірдей мереке әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ, елімізге тыныштық пен тұрақтылық, өсіп-өркендеу әкелсін! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, қасиетті қара домбырамыздың күмбірі мәңгілік жаңғыра берсін!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1260471?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *