ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРАЛЫҚТАР МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

Опубликовано:

Автор:

в категории
 
Сіздерді Ұлттық домбыра күні мен 6 шілде – Астана күніне арналған мерекелік мәдени іс-шараға қатысуға шақырамыз!
2026 жылғы 6 шілде күні Шардара ауданының өнерпаздарының қатысуымен «Жарқырай бер, Астана!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.
🕖 Басталуы: сағат 19:00
📍 Өтетін орны: Шардара қаласы, Төлеби көшесі бойында орналасқан «Алты Алаш» алаңы.
Ұлттық өнерімізді ұлықтап, қасиетті қара домбыраның үнін дәріптеп, елордамыз – Астананың мерейін бірге асқақтатайық!
Баршаңызды мерекелік кештің қадірлі қонағы болуға шақырамыз!
Ұйымдастырушы: «Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1260459?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *