
Мойынқұм ауылында тұрғындар үшін қуанышты жаңалық орын алды. Ауданымызға белгілі кәсіпкер Бекболат Өткелбаев мемлекет қолдауының арқасында, елді мекенде бұрын-соңды болмаған заманауи бассейннің құрылысын аяқтап, халық игілігіне ұсынды.
Нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Қуандық Төлеубеков, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев, аудан кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген азаматтар жаңа нысанның ауыл тұрғындары, әсіресе балалар мен жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкердің туған жерге деген жанашырлығы мен әлеуметтік жауапкершілігіне ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Бұл жоба мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әріптестігінің нақты көрінісі деуге болады. Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар мен қолдау тетіктері жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашып, халыққа қажетті нысандар салып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1254175?lang=ru

Добавить комментарий