
Департаментпен қоғамдық тамақтану объектілері бойынша рейдтік іс-шара өткізілді.
Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Д.Г. Сеитова қоғамдық тамақтану объектілеріне мониторинг жүргізіп, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Жұмыс берушілерге кәмелетке толмағандармен еңбек шарттарын жасасу, оларды жұмысқа қабылдау тәртібін сақтау, жұмыс уақытының ұзақтығы мен демалыс уақытын қамтамасыз ету, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды түнгі уақыттағы, үстеме жұмысқа және еңбек жағдайлары зиянды әрі қауіпті жұмыстарға тартуға тыйым салу мәселелері бойынша еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді.
2026 жылғы 26 маусымда ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта еңбекке тартудың ықтимал фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шара өткізу жоспарлануда.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1248007?lang=ru

Добавить комментарий