
Ашық кездесу: рәсімдердің ашықтығы, кері байланыс және халық сенімін арттыру
Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2026 жылғы 22 маусымда Жетісу облысы Құрылыс басқармасының денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық объектілерін салу бөлімінің басшысы Д. Тұрғанбаев Талдықорған қаласында салынып жатқан 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылыс алаңында «AK Construction Company» ЖШС-нің басшылығы және қызметкерлерімен ашық кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты құрылыс саласында ашықтық, айқындық және есептілік қағидаттарын нығайту, мемлекеттік тапсырыс беруші мен мердігер ұйым арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болды.
Кездесу барысында құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау, еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, адалдық, заңдылық, объективтілік және құрылыс процесіне қатысушылардың жеке жауапкершілігі қағидаттарын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ашық диалог форматында мердігер ұйымның өкілдері мен құрылыс алаңының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, жобаны іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында рәсімдердің ашықтығы, тиімді кері байланыс және туындаған мәселелерді уақтылы қарау құрылыс жұмыстарының сапасын арттыруға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар мен ескертулер назарға алынып, алдағы жұмыста ескерілетін болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-stroi/press/news/details/1247618?lang=ru

Добавить комментарий