
Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев Шардара су қоймасы жағалауында орналасқан демалыс орындарын аралап, олардың жұмысы мен келушілерге жасалған жағдайлармен танысты.
Қазіргі таңда жағалаудағы 5 демалыс орны тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Атап айтқанда,
Жазғы маусым қызған шақта бұл демалыс орындары тәулігіне 1500-ге жуық демалушыны қабылдауға қауқарлы. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағалауда 4 құтқару мұнарасы орнатылып, 11 құтқарушы қызмет атқаруда.
Аудан басшысы кәсіпкерлермен кездесіп, ең алдымен адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс екенін қатаң ескертті. Сондай-ақ суға түсу аймақтарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, құтқару қызметінің дайындығын күшейту және демалушыларға сапалы қызмет көрсету мәселелеріне ерекше тоқталды.
Сонымен қатар жауапты сала мамандарына жағалау аумағының санитарлық тазалығын тұрақты бақылауда ұстап, тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізілуін қадағалауды тапсырды. Әрбір демалыс орнының аумағы таза, қауіпсіз әрі тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы болуы қажеттігі айтылды.
Шағалалы Шардараның су қоймасы жағалауы бүгінде тек аудан тұрғындарының ғана емес, алыс-жақын өңірлерден келетін қонақтардың да сүйікті демалыс мекеніне айналып келеді. Сондықтан қауіпсіздік пен тазалық – туризмнің басты талабы және ауданның келбетін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1247360?lang=ru

Добавить комментарий