2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихандардың мерзімдері бекітілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектері үшін мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2–15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
Негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17–18 маусым күндері өтеді.
Аттестаттарды тапсыру іс-шарасы мектеп ғимаратында мектеп басшысының бұйрығы негізінде және ата-аналар комитетімен келісім бойынша өткізіледі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-nadezhdin/press/news/details/1226372?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *