ШҚО-да жазасын өтеп жатқан сотталғандар жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды

Опубликовано:

Автор:

в категории

ШҚО-да жазасын өтеп жатқан сотталғандар жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды
Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан сотталғандар жастарға арнап тағылымы мол үндеу жолдады. Олар өз өмірлеріндегі қателіктерін жасырмай айтып, есірткінің адам тағдырын қалай талқандағанын ашық жеткізді.
Кезінде бір сәттік қызығушылық пен жеңіл жол іздеу үлкен өкінішке айналғанын айтқан азаматтар бүгінде бостандықтың қадірін терең түсінетіндерін жеткізді. Темір тордың ар жағындағы өмір – еркіндіктің, отбасының, ата-ананың, баланың қадірін ұғындыратын ауыр сабақ екенін жасырмады.
– «Біз кеткен жолмен жүрмеңдер. Бір ғана қате қадам бүкіл өмірді өзгертіп жібереді. Есірткі – бақыт емес, ол – болашақты ұрлайтын у», – деп жастарға үн қатты сотталғандар.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандыру, саналы таңдау жасауға шақыру. Өмірдің шынайы мысалдары арқылы олар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, ата-ана сенімін ақтауға, армандарынан бас тартпауға үндеді.
Бүгінгі айтылған әрбір сөз – өкініштен туған шынайы сабақ. Ал бұл сабақ жастарға болашақта қателік жасамауға себеп болса, оның мәні одан сайын арта түспек.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1221980?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *