«Түлектердің ағаш егуі» экологиялық челленджі

Опубликовано:

Автор:

в категории
2026 жылдың 29 сәуірінде сағат 12:00 де «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында «Түлектердің ағаш егуі» экологиялық челленджі өтті.
Бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда және еліміздің замануи экологиялық күн тәртібін қалыптастырудың маңызды құралы ретінде қарастырылады. Акцияның негізгі мақсаты-түлектерді қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа ұқыпты, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Салықов атындағы орта мектеп түлектері челленджге белсене қатысып, Сергеевка қаласының «Астана» саябағының аумағына ағаш көшеттерін отырғызды. Акция туған өлкені көгалдандыруға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың қоршаған ортаның болашағына деген қамқорлығының символына айналды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1221515?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *