
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары,аудандық мәслихатының депутаттары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілі қатысты.
Сессияның күн тәртібіне Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/2-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/3-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/4-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/5-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/6-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/7-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/9-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/8-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің бюджеті туралы», шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Жер комиссиясын құру туралы» Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысын бекіту туралы мәселелер шығарылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері мен аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы хабарлама жасап, сұрақтарға жауап берді.
Күн тәртібіндегі 8 мәселелерге тиісті шешімдер қабылданды.
Күн тәртібіне енгізілген «Жер комиссиясын құру туралы» Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысын бекіту туралы мәселесі қабылданбады.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясының жұмысы Интернет желісінде онлайн режимінде (LIVE) көрсетілді.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/live/knuFdJNTAHk?si=dAkF5f2Teo1mpFd6

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1221310?lang=kk

Добавить комментарий