
ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЕЛУ ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Шалқар аудандық мәслихатының кезекті елу үшінші сессиясының жалпы отырысы өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Ақшолақ Қайрат Серікбайұлы, қала әкімі, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, мәселеге байланысты шақырылғандар қатысты. Сессия отырысында күн тәртібіне сәйкес:
2025 жылғы Шалқар аудандық бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы, Шалқар ауданының, Шалқар қаласының және ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджетінің орындалуы туралы мәселе қаралды.
Сессия соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalkar/press/news/details/1220473?lang=kk

Добавить комментарий