
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Visit Atyrau» туристік ақпараттық орталығы мен «Martins» және «Lattea» кофеханаларымен бірлесіп «Саяхат дәмі бар кофе» жобасын іске қосты.
Енді атыраулықтар мен қала қонақтары кофеханада отырып-ақ шаһардың тарихи-танымдық орындарымен таныса алады. Арнайы әзірленген кофе стақандарында өңірдің көрікті жерлері бейнеленіп, ондағы QR-код арқылы тұрғындар мен туристер тарихи нысандар туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады. Сонымен қатар гидтердің байланыс нөмірлері мен қонақ үйлер ұсынатын жеңілдіктер де қолжетімді.
Жоба күнделікті тұтыну мәдениетін туризммен ұштастырып, Атыраудың тарихи-танымдық әлеуетін кеңінен танытуды көздейді. Осы арқылы өңірдің туристік брендингі заманауи әрі қолжетімді тәсілмен насихатталмақ.
Кофе стақандарында көне Сарайшық қалашығы, Лотос алқабы, Нарынқұм, Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты мен Гиннес рекордтар кітабына енген жаяу көпір секілді өңірдің бірегей орындары бейнеленген.
Бүгінде арнайы дизайндағы стақандар Атырау қаласындағы Қаныш Сәтбаев көшесінде орналасқан Lattea және Martins кофеханаларында қолданысқа енгізілді

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sport/press/news/details/1220427?lang=kk

Добавить комментарий