Жарылқасын Ізбайқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ана жүрек – 80 жас» атты шығармашылық кеш жоғары деңгейде аталып өтті:

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара төрінде ұлттық өнер мен аналық мейірімнің, тағылым мен парасаттың тоғысқан ерекше кеші өтті. Шардара қаласындағы Абай мәдениет үйінде «Ақ әжелер» халық ансамблінің негізін қалаушы, мәдениет саласының ардагері, аяулы ана Жарылқасын Ізбайқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ана жүрек – 80 жас» атты шығармашылық кеш жоғары деңгейде аталып өтті.
Аталған іс-шарада Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының құттықтауын әкімнің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы оқып, мерейтой иесіне сый-сияпаттар табыс етілді. Сондай-ақ «Алтын шаңырақ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, оған Б.Төребеков, Т.Бердібеков, О.Қалшабекова, Н.Ибырайым қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Кеш барысында өнер иесінің өмірі мен еңбегі насихатталып, сахна төрінде ән мен күй орындалып, көпшілік ақ жаулықты ананың ғибратты ғұмырына құрмет көрсетті.
Ғибратқа толы кеште ел анасына айналған ардақты жанның өнер мен руханият саласына сіңірген еңбегі кеңінен насихатталып, өмір жолы мен өнегелі істері көрермен жүрегіне жылы әсер сыйлады. Сахна төрінде әуелеген ән мен күмбірлеген күй, ақ тілектер мен жүрекжарды лебіздер мерейтой иесінің мерейін үстем етті.
Жарылқасын Ізбайқызы – тек өнер ұжымының жетекшісі ғана емес, қазақы тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан тағылымды тұлға. Ол кісінің бастамасымен құрылған «Ақ әжелер» ансамблі талай жылдар бойы елдің рухани қазынасына айналып, жас ұрпаққа өнеге болып келеді.
Кеш барысында аудан әкімдігі атынан құттықтаулар айтылып, мерейтой иесіне құрмет көрсетілді. Жиналған көпшілік ақ жаулықты ананың өнегелі ғұмырына тағзым етіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен шығармашылық шабыт тіледі.
Сексеннің сеңгіріне шығып, ел алғысына бөленген Жарылқасын Ізбайқызының ғибратты ғұмыры – кейінгі буынға үлгі, ұлт руханиятына қосылған өлшеусіз мұра.
Жарылқасын Ізбайқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ана жүрек – 80 жас» атты шығармашылық кеш жоғары деңгейде аталып өтті:
Шардара төрінде ұлттық өнер мен аналық мейірімнің, тағылым мен парасаттың тоғысқан ерекше кеші өтті. Шардара қаласындағы Абай мәдениет үйінде «Ақ әжелер» халық ансамблінің негізін қалаушы, мәдениет саласының ардагері, аяулы ана Жарылқасын Ізбайқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ана жүрек – 80 жас» атты шығармашылық кеш жоғары деңгейде аталып өтті.
Іс-шарада Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының құттықтауын әкімнің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы оқып, мерейтой иесіне сый-сияпат табыс етті. Сондай-ақ «Алтын шаңырақ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, оған Б.Төребеков, Т.Бердібеков, О.Қалшабекова, Н.Ибраймов қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Кеш барысында өнер иесінің өмірі мен еңбегі насихатталып, сахна төрінде ән мен күй орындалып, көпшілік ақ жаулықты ананың ғибратты ғұмырына құрмет көрсетті.
Ғибратқа толы кеште ел анасына айналған ардақты жанның өнер мен руханият саласына сіңірген еңбегі кеңінен насихатталып, өмір жолы мен өнегелі істері көрермен жүрегіне жылы әсер сыйлады. Сахна төрінде әуелеген ән мен күмбірлеген күй, ақ тілектер мен жүрекжарды лебіздер мерейтой иесінің мерейін үстем етті.
Жарылқасын Ізбайқызы – тек өнер ұжымының жетекшісі ғана емес, қазақы тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан тағылымды тұлға. Ол кісінің бастамасымен құрылған «Ақ әжелер» ансамблі талай жылдар бойы елдің рухани қазынасына айналып, жас ұрпаққа өнеге болып келеді.
Кеш барысында аудан әкімдігі атынан құттықтаулар айтылып, мерейтой иесіне құрмет көрсетілді. Жиналған көпшілік ақ жаулықты ананың өнегелі ғұмырына тағзым етіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен шығармашылық шабыт тіледі.
Сексеннің сеңгіріне шығып, ел алғысына бөленген Жарылқасын Ізбайқызының ғибратты ғұмыры – кейінгі буынға үлгі, ұлт руханиятына қосылған өлшеусіз мұра.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1218018?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *