Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕН КӨШЕЛЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жетісай ауданында жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде іске асып келеді. Осыған орай аудан әкімі Серік Мамытов аудан аумағындағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы жолдың сапасы талапқа сай болуы керектігін атап өтіп, жұмыстарға жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Оның айтуынша, сапалы жол – тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмірінің басты кепілі.
Сапар барысында Жетісай қаласындағы жалпы ұзындығы 830 метрлік Шәкәрім көшесінің жөндеу жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Көше бойындағы қызыл сызыққа заңсыз салынған нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Жаңа ауыл ауылдық округіндегі Ынтымақ елді мекенінде Көрікті және Шойын көшелеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары тексеріліп, жол белгілерін орнату тапсырылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————-
ЖЕТЫСАЙСКОМ РАЙОНЕ ПРОВОДЯТСЯ РАБОТЫ ПО РЕМОНТУ УЛИЦ НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТОВ
В Жетысайском районе на системной основе реализуются работы по обеспечению безопасности дорожного движения и улучшению инфраструктуры населенных пунктов. В этой связи аким района Серик Мамытов ознакомился с ходом дорожных ремонтных работ на территории района. Глава района подчеркнул, что качество дорог должно соответствовать установленным требованиям, и поручил ответственно подходить к выполнению работ. По его словам, качественные дороги — главный залог безопасности и комфортной жизни жителей.
В ходе поездки была рассмотрена подготовка к ремонту улицы Шакарима в городе Жетысай общей протяженностью 830 метров. С владельцами объектов, незаконно возведенных за красной линией вдоль улицы, проведена разъяснительная работа. Кроме того, в населенном пункте Ынтымак сельского округа Жана ауыл были проверены ремонтные работы на улицах Корикти и Шойын, а также дано поручение установить дорожные знаки.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1217569?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *