Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ АТШАБАРДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ШЕРУІ ӨТТІ
✅Ұлы Жеңістің 81 жылдығы құрметіне Түлкібас ауданы атшабарында “Ұлы Жеңіске тағзым” атты ұлттық спорт ойындарынан ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
✅Салтанатты іс-шара ұлттық ат спорты ойындарының әсерлі шеруімен бастау алды. Шеруді КСРО-ның 9 дүркін чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері Әбілхан Дауылбаев бастап шықты. Ардақты азамат көпшілікке ақ батасын беріп, дүбірлі додаға сәттілік тіледі.
✅Ұлттық ойындардың шымылдығы көпшіліктің қызығушылығын тудырған қыз қуу ойынымен ашылды. Сонымен қатар іс-шара барысында тоқ бәйге, тай жарыс, теңге ілу, аударыспақ, аламан бәйге, жастар көкпары, үлкен көкпар және жаппай көкпар сынды ұлттық ат спорты ойындары ұйымдастырылып, шабандоздар мен спортшылар өзара бақ сынасты.
✅Қазақ күресі, арқан тартыс, қошқар көтеру ойындары да өткізіліп, көпшілік назарына ұсынылды.
Аудан әкімі Асқар Естібаев аталған сайыстарды арнайы тамашалап, спортшыларға қолдау көрсетті.
✅Мерекелік іс-шара аясында аудан өнерпаздары тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсем ән мен күмбірлеген күйден шашу шашқан концерттік бағдарламасын ұсынды.
✅Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.
Ат спорты ойындарының қорытындысында аудан әкімі көпшілікті құттықтады.
– Ұлы Жеңіс – халқымыздың ерлігі мен бірлігінің айқын көрінісі. Батыр бабаларымыздың жанқияр ерлігін ұлықтау – кейінгі ұрпақтың парызы. Осындай ұлттық спорт ойындары жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ата дәстүрімізді дәріптеуге үлкен үлес қосады. Барша аудан тұрғындарын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді ол.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1217570?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *