
🏙️ Арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі – АЭА) — Қазақстан Республикасының нақты белгіленген шекаралары бар аумағының бір бөлігі, онда басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың ерекше құқықтық режимі қолданылады.
📍 АЭА шекаралары Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісіне сәйкес айқындалады.
🚀 Қазақстанда АЭА құрудың мақсаты:
🌐 сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру;
📈 өңірдің жедел дамуын қамтамасыз ету;
💻 технологиялар мен заманауи менеджментті дамыту;
🏭 экономика салаларын қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешу;
💰 тікелей шетелдік инвестицияларды тарту;
⚙️ жоғары тиімді әрі бәсекеге қабілетті өндірістер құру;
🔬 заманауи жоғары технологиялық өндіріс салаларын жедел дамыту;
🛣️ көлік инфрақұрылымын дамыту;
🏖️ туризмді дамыту;
👨💼 жаңа жұмыс орындарын ашу;
📑 сондай-ақ АЭА құру кезінде құжаттарда айқындалатын өзге де мақсаттарға қол жеткізу.
📚 Қазақстан Республикасы аумағында АЭА-ны құру, жұмыс істеуі және тарату кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар 2011 жылғы 21 шілдедегі №469-IV «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңымен реттеледі.
⚖️ АЭА қызметін реттейтін қосымша нормалар Қазақстан Республикасының Кедендік реттеу кодексінде және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде қамтылған.
🏢 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2012 жылғы 20 маусымдағы №СШ-14 бұйрығымен «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы кеден бекеті құрылды. Қазіргі таңда бұл кеден бекеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарамағында қызмет етеді және заңды мекенжайы: Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылы, 028 есептік кварталы.
🚛 «Сарыарқа» АЭА кеден бекетінің санатын ескере отырып, аталған бекет кеден шекарасы арқылы кез келген көлік түрімен тасымалданатын және арнайы экономикалық аймақ аумағында орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік тазарту мен шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүзеге асырады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1216169?lang=kk

Добавить комментарий