МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған жиын өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманoв ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде халықты қолдауға бағытталған бағдарламалардың тиімді жүзеге асуы мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Жиынға арнайы қатысқан Түркістан облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Ерсұлтан Жаңабайұлы мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндап, «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды. Аталған бағдарлама ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына, табысын арттыруына және тұрақты жұмыс көзін қалыптастыруына жол ашатынын атап өтті.
Кездесу барысында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі, еңбек қатынастарын заңдастырудың маңыздылығы, міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуы, сондай-ақ жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Жиынға ауылдық округ және кент әкімдері, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамтуды күшейту және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1214945?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *