
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні — еліміздегі мәдениеттердің алуан түрлілігіне құрмет пен достыққа, жылулыққа толы ерекше мереке. Осы жарқын күні «Достар» мәдениет сарайының ашық алаңында көрермендерге қуаныш пен бірлік атмосферасын сыйлаған әсерлі концерттік бағдарлама өтті. Алғашқы әуендерден-ақ сахна жанданып,
«Балақай» үлгілі вокал студиясы мен «Таволга» фольк-шоу тобының орындауында бейбітшілік пен достық туралы жүрекке жетер әндер шырқалып, тыңдарман жүрегіне туған жерге деген мақтаныш пен болашаққа деген сенім ұялатты. Әрбір өнер көрсету шынайылығымен, эмоциясымен және ерекше шабыттылығымен ерекшеленді.
Мерекеге ерекше серпін берген «Інжу», «Батыр қыз», «Импульс» және басқа да талантты ұжымдардың халықтық және заманауи билері болды. Жарқын костюмдер, ырғақты қимылдар мен әртістердің шынайы қуанышы көрермендерді бір үлкен, тату отбасының мүшесіндей сезіндірді.
Бұл күн жай ғана концерт емес, Қазақстан халқын біріктіретін бірлік, өзара түсіністік пен құрметтің жарқын символына айналды. Осындай сәттер бізді бейбітшілік пен достықты, келісімді — еліміздің басты құндылықтарын қадірлеуге әрдайым шабыттандырсын.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1213279?lang=kk

Добавить комментарий