
Отырар ауданы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің штаб отырысы өтті. Отырар ауданы әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеевтің төрағалығымен өткен жиында алдымен тері лейшманиоз ауруларына қарсы атқарылған жұмыстар мен оның алдын-алу бағытындағы жоспарлар талқыланды.
Жиында 2025 жылғы көрсеткіштер мен 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысын талдап өткен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Азамат Тілес алдағы жоспарлардың барысымен таныстырып өтсе, Отырар аудандық Емхананың бас дәрігерінің орынбасары Жасұлан Байназаров баяндама жасап, атқарылған жұмыстарына тоқталды.
Сонымен қатар, ауру қауіпі жоғары аймақтар Аққұм, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл ауылдық округі аумақтарында алдын-алу үшін нұсқаулық картасы бойынша ауру ошақтарын механикалық жолмен жоюды ұсынды.
Екінші мәселе бойынша сөз алған басқарма басшысы аса қауіпті жұқпалы аурулар, атап айтқанда, Конго-Қырым геморрогиялық қызбасы, сарып, құтыру сынды ауруларлың алдын алудың маңызына тоқталды.
Жиын барысында үйлестіру кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев жауапты мамандарға сыртан (шет мемлекеттерден) уақытша тұруға немесе жұмыс істеуге келген азаматтарды көші қон полициясы есепке алынуын қадағалау, халық арасында әсіресе егістікке сыртан келіп жалданып жұмыс жасап жатқан азаматтарға жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын кеңінен насихаттау, тері лейшманиозы, эхтнококоз ауруларының алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру секілді бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1209952?lang=kk

Добавить комментарий