АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Бүгін аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен қоғамдық кеңес отырысы болып өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ:
- «Қармақшы ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы жайлы.
Хабарламашы: «Қармақшы ауданы әкімі аппараты» КММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Т.Сүлеев.
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 77 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Н.Махамбетов.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес тарапынан шешімдер қабылданды.
Кеңес отырысында Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы және Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы мақұлданып, келісім берілді.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/1209808?lang=ru

Добавить комментарий