Педагогикалық отрядтардың республикалық слеті бойынша есеп

Опубликовано:

Автор:

в категории

2026 жылдың 23–25 сәуір аралығында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің «Жігер» педагогикалық жасағы Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Жазғы Boom!» «Максимумға қайта жүктеу» атты педагогикалық отрядтардың Республикалық слетіне қатысты.

Жетекшілері:

Кулдаева Лаура Тюлеужановна,

Аймұқан Дидар Серікұлы,

Музыкаға жауапты – Касенов Бахтияр Канатович, ДВБ-2-25;

Отряд құрамы:

  1. Тайманова Динара Муратовна, УРЯ-2-22;

  2. Антоненко Екатерина Юрьевна, ДВБ-2-25;

  3. Байтлеев Диас Әбілқасымұлы, УКЯБ-2-23;

  4. Ермекпай Айғаным Аскерқызы, УИЯБ-1-25;

  5. Есентемиров Аслан Амангельдинович, УИБ-2-24;

  6. Ташев Ильяс Олжасович, УКЯБ-2-24;

  7. Өмірзақ Жібек Дарынқызы, УКЯ-1-23

  8. Каир Азат Амангелдіұлы, УКЯ-1-23

Слет қатысушылары:

  1. Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі, «Единство» педагогикалық отряды;

  2. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, «I SHYAQ» педагогикалық отряды;

  3. М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж, «Жігер» педагогикалық отряды;

  4. Алматы қаласындағы «Taulend» лагері, «Level Up» педагогикалық отряды;

  5. №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі, «Pedstar Almaty» педагогикалық отряды;

  6. «Ақбөбек» компаниясы, «Campit» сауықтыру орталығы, Ақтөбе қаласы;

  7. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық аудандық білім беру бөлімі, «WEST» педагогикалық отряды;

  8. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «M&M’s» педагогикалық отряды;

  9. Қарағанды облысының студенттері;

  10. Абай облысынан келген Жас педагогтар тобы

Слет қонақтары – «Arman Dala» балалар сауықтыру лагері, «Арман» пелагогикалық отряды, Алматы облысы

Слет ережесіне сәйкес әр команда үш байқаудан өтуі тиіс болды:

  1. Командалардың визит карточкасы (педагогикалық отрядтың атауы, ұраны, шумақты ұраны, әні, биі);

  2. «Педагогикалық отрядтардың Республикалық слетінің гимні» байқауы;

  3. «Жазғы Boom! Балалар әлемі тәлімгердің көзімен» атты отрядтық іс-шара.

«Жігер» педагогикалық отряды бірінші байқауда мазмұнды әрі әсерлі визит карточкасын ұсынып, әділқазылар алқасын бірегейлігімен, шығармашылық тәсілімен, бірыңғай формасымен және көркемдік безендірілуімен тәнті етті.

Екінші байқау – «Слет гимні» шығармашылық сипатта өтті және оны әділқазылар емес, орталық қызметкерлері, қатысушы балалар мен педагогикалық отрядтар дауыс беру арқылы бағалады. Дауыс беру қорытындысы бойынша үздік гимн авторы ретінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі танылды.

Үшінші байқауда «Жігер» отряды «Балдәурен» РОСО жасағына арнап «Аангтың аңызы» мультсериалы негізінде «Boom-квест» ұйымдастырды. Іс-шараға бесінші отрядтың балалары қатысып, сценарий бойынша төрт станциядағы тапсырмалардан өтті. Әділқазылар алқасы команданың шығармашыл, біртұтас әрі креативті ойын ұйымдастырғанын жоғары бағалады.

Үш байқау 24 сәуірде өтіп, 25 сәуір күні жабылу салтанатында қатысушыларға алғыс хаттар мен түрлі номинациялар табысталды.

Слет корытындысы бойынша женімпаздар:

Гран-при – «Жігер» педагогикалық тобы

I орын – «1 SHYAQ» педагогикалық тобы

II орын – «Единство» педагогикалық тобы

III орын — «WEST» педагогикалық тобы

Арнайы номинациялар:

«Ең креативті» — «Pedstar Almaty» педагогикалық тобы

«Рухы биік» – «МОНШАК» педагогикалық тобы

«Шабыттандыратын көшбасшы» — «Level Up» педагогикалық тобы

«Қиял канатындағы команда» — «Aqbobek-Campit» педагогикалық тобы

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob/press/news/details/1208921?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *