
Ағымдағы жылдың 10 – 12 сәуір күндері Павлодар қаласында асық ату және бес асықтан 2016 – 2018 ж.т. балалар арасындағы Павлодар облысының чемпионаты өтті. Асық ату спорт түріне облыс мектептерінен 32 жас сұрмерген қатысып, өзара бақ сынасты. Аталмыш өңір біріншілігіне елімізден, болашағынан үміт күтірер жас асықшы, Көктөбе ЖОББМ 4 -“Ә” сынып оқушысы Серік Нұрмұхаммед Азаматұлы қатысып, тамаша өнерін паш етіп, үздік ойын көрсеткені үшін Павлодар облысының асық ату федерациясының дипломмен марапатталды. Алдағы уақытта Атырау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаты іріктеу кезеңіне қатысатын болады. Жаттықтырушысы – Көктөбе ЖОББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тусупов Жарас Серікұлы.
Жерлестерімізді құттықтаймыз! Алдағы іріктеу жарысында жеңіс пен сәттілік тілейміз! Жеңісті күндеріміз көп болғай!
Ұлттық спортты бірге дәріптейік, Жерлестер!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1208709?lang=kk

Добавить комментарий