
Шығыс Қазақстан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жаңа Конституцияны ілгерілету жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің үйлестіруімен 2026 жылдың 24 сәуірінде маңызды іс-шара өткізді. Іс-шараның тақырыбы: «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз ету факторы». Іс-шараға 300-ге жуық адам қатысты, олардың ішінде білім басқармасының өкілдері және «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының қызметкерлері, білім бөлімдері басшылары мен қала мектептерінің директорлары офлайн, ал шалғай аудан мектептерінің директорлары онлайн форматта қосылды.
Мұндай ауқымды қатысушымен өткен шараның басты мақсаты – білім беру саласындағы конституциялық қағидаттарды, заңның жаңа талаптарын білім беру жүйесіне енгізу арқылы білім сапасын арттыру және оқушылардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету болды. Департамент басшысының міндетін атқарушы Раимбекова Ботагөз Ақатайқызы білім беру жүйесіндегі реформалар мен жаңа Конституцияның қағидаттарын түсіндіріп, оларды тәжірибеде іске асыру жолдарын талқылауға ұсынды. Іс-шара барысында арнайы баяндамалар тыңдалып, білім беру саласындағы реформалар мен Конституциядағы жаңа нормалар кеңінен талқыланды. Пікірталастар мен сұрақ-жауап кезінде қатысушылар білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты құнды пікірлерін білдіріп, жаңа Конституцияны тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-vko/press/news/details/1208402?lang=kk

Добавить комментарий