Медеу ауданында ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Опубликовано:

Автор:

в категории

Медеу ауданы аумағында жол инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Анықталған ақауларды жою жұмыстары ауданның барлық аумағын кезең-кезеңімен қамту арқылы ұйымдастырылған.
Жоспарға сәйкес, негізгі жұмыс көлемін ағымдағы жылдың сәуір–мамыр айларында аяқтау көзделуде. Жаз мезгілінде қосымша анықталған ақауларды жою жұмыстары жалғастырылатын болады.
Жалпы, жұмыстар 75 көшені қамтып, шамамен 70 шақырым жол жөнделеді.

Аталған шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, көше-жол желісінің сапасын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1206699?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *