Ағымдағы жылдың 13-сәуір күні ауданымызда «4,9-сынып оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тақырыбы аясында  онлайн форматта семинар өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ағымдағы жылдың 13-сәуір күні ауданымызда «4,9-сынып оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тақырыбы аясында  онлайн форматта семинар өтті.

      Семинарға Айыртау ауданына қарасты мектептер  қатысты. Аталған семинарға ауданымыздан 16 спикер өз тәжірибелерімен бөлісті.

      Семинардың мақсаты: білім алушыларды ББЖМ -ға қатысуға дайындау аспектісінде білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

     Семинардың міндеттері:

– ББЖМ  мазмұны мен құрылымын қарастыру;

– ББЖМ  сүйемелдеу құралдарын талдау;

– оқу сауаттылығының/ жаратылыстану/ математикалық сауаттылықтың мәні мен мазмұнын ашу;

-4 және 9 сынып оқушыларының оқу сауаттылығын/ жаратылыстану/ математикалық сауаттылығын дамытудың тиімді тетіктерін анықтау.

      Семинар барысында 2025 жылы өткізілген   ББЖМ қорытындыларына талдау жасалды.

      «Оқу сауаттылығының/ жаратылыстану/ математикалық сауаттылықтың мәні мен мазмұны»  және  «Оқу сауаттылығы/ жаратылыстану/ математикалық сауаттылық шеңберінде тапсырмаларды орындау бойынша оқушылардың қиындықтарын талдау»  тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен  бастауыш сынып, математика,  қазақ тілі , орыс тілі, география, физика, химия,  биология пәндері бойынша  әрбір пән мұғалімдері  өз іс тәжірибиелерімен бөлісті,  жаңа тақырыпты игерту барысында қолданылатын  жаңа әдіс-тәсілдерді таныстырып, тиімділігін көрсетті. Семинар өте ауқымды дәрежеде болды .Оқушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды қайта қарастырып, оқушыларға берілетін тапсырмаларды қайта қарау керек деген тұжырым жасалды. Оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында  «қиын» тақырыптарды анықталды. Мектептерде ББЖМ тапсырмағанмен, дәл қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан мұғалімдер үшін жұмыс барысында көптеген ақпараттар алды.

    Әр пән мұғалімі жұмысымда оқушылардың  функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға  назар аударып, көптеген мұғалімдер іс-тәжірибиемде пайдаланады деген қорытындыға келдік.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1199916?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *