
ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 30 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ
🔷 Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалға берілетін баспаналарды тапсыру рәсімі өтті. Коммуналды үй қорынан берілген пәтерлер Бозарық, Тұран, Асар-2 шағынаудандарындағы үйлерде орналасқан.
🔷 Салтанатты іс-шара «Көрме» орталығының алаңында өтіп, оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, әр отбасыға жылулық, бақ-береке және жаңа үйлерінде жайлы өмір тіледі.
🔷 Жалға берілетін тұрғын үйлер I-II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға табысталды.
🔷 Айта кетейік, пәтер кілттерін табыстау – баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралардың нәтижесі. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғаса береді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1196744?lang=kk

Добавить комментарий