
Түркістан облысы, Шардара ауданына қарасты Алатау батыр ауылдық округінің әкімі болып Тасов Сәбит Қалдыбайұлы сайланды.
Жаңа ауыл әкімін Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серік Кошалиев таныстырып, тиісті куәлігін табыстады.
Айта кетсек, Тасов Сәбит Қалдыбайұлы 1975 жылғы 9 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданына қарасты Еңбекші ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1997 жылы Мақтарал ауданындағы «Еңбекші» өндірістік кооперативінде жұмысшы болып бастап, кейін бригадир қызметін атқарған. Әр жылдары «Нимэкс корпорациясы» ЖШС-де лаборатория меңгерушісі, «ЮгХлопкоПром» және «ҚазМақта» ЖШС-терінде бухгалтер-кассир қызметтерін атқарған.
2009 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп, Шардара ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші және бас маман, кейін түрлі қызметтерді абыроймен атқарған.
2018 жылдан бері Алатау батыр ауылдық округі әкімінің аппаратында қызмет етіп, 2022 жылғы тамыз айынан бастап ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеп келген.
Жаңа әкімге алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1196096?lang=kk

Добавить комментарий