АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін 70 жасқа толған ардагер ұстаз Тағабек Құттыбекұлы Әліпбаевты аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қабылдап, мерейлі жасымен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы ардагерге «Құрметті ардагер» төсбелгісін тағып, иығына шапан жауып, Алғыс хат табыстады. Өз сөзінде елге сіңірген еңбегін атап өтіп, ұзақ жылғы ұстаздық жолындағы табандылығы мен шәкірт тәрбиелеудегі үлесін ерекше бағалады. Сондай-ақ, мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тіледі.
Өз кезегінде Тағабек Құттыбекұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Айта кетсек, Тағабек Құттыбекұлы 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы Шардара ауданындағы бірқатар мектептерде тарих пәнінің мұғалімі, кейін мектеп директоры қызметтерін абыроймен атқарған. 2000-2002 жылдары аудандық білім бөлімін басқарған. Білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін бірқатар марапаттарға ие болып, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Ардагердің саналы ғұмыры – елге қызмет етудің, жас ұрпаққа тәлім берудің жарқын үлгісі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1196043?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *