
САЙРАМДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ
Сайрам ауданында «Жасыл белдеу» атты ағаш отырғызу акциясы аясында сенбілік өтті. Жібек жолы ауылдық округіне қарасты «Достық» аллеясында жаппай көшет отырғызу және тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына 300-ге жуық тұрғын қатысып, 500-ден астам ағаш көшеті егілді. Сондай-ақ, аудан аумағындағы барлық ауылдық округтерде көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында көше бойлары, жаяу жүргіншілер жолдары мен арық-атыздар қоқыстан тазартылды.
Аудан көлемінде өткен сенбілікке 3 500-ге жуық адам қатысып, 25 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 35 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді. Мұндай экологиялық акциялар ауданның санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В СУББОТНИКЕ В САЙРАМЕ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 3 ТЫСЯЧ ЧЕЛОВЕК
В Сайрамском районе прошел субботник в рамках акции по посадке деревьев «Зеленый пояс». В сельском округе Жибек жолы на Аллее «Достык» проведена массовая посадка саженцев и уборка. В мероприятии приняли участие около 300 жителей, посажено более 500 саженцев деревьев. Также во всех сельских округах района проведены работы по озеленению и уборке. В ходе субботника улицы, пешеходные дорожки и арыки были очищены от мусора.
В субботнике приняли участие около 3 500 человек, задействовано 25 единиц спецтехники. В результате было вывезено около 35 тонн мусора и доставлено на специальные полигоны. Такие экологические акции, помимо улучшения санитарного состояния района, способствуют повышению ответственности населения за окружающую среду.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1194908?lang=kk

Добавить комментарий