Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 17 МЫҢ ТАЛ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН
Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық апталығы өтті. Онда ауқымды көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған 900-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, 18 техника жұмылдырылды. Акция аясында аудан аумағына 9 мың көшет отырғызылып, жыл басынан бері егілген ағаш көшеттерінің саны 17 мыңға жетті.
Тазалық жұмыстары барысында су жағалаулары мен бұлақ көздері тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Одан бөлек, табиғи аумақтарды абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ В РАМКАХ АКЦИИ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” С НАЧАЛА ГОДА ВЫСАЖЕНО 17 ТЫСЯЧ САЖЕНЦЕВ
В Толебийском районе в рамках акции “Таза Қазақстан” прошла экологическая неделя “Мөлдір бұлақ”. Там были проведены масштабные работы по озеленению и уборке. В мероприятии приняли участие около 900 человек во главе с акимом района Еркегали Алимкуловым. Также задействовано 18 единиц техники. В рамках акции на территории района высажено 9 тысяч саженцев, с начала года количество привитых саженцев достигло 17 тысяч.
В ходе уборки были очищены от бытовых отходов водные берега и родниковые источники. Кроме того, проведены работы по благоустройству и восстановлению природных территорий. Основная цель данного мероприятия – формирование экологической культуры, охрана природы и повышение ответственности населения за окружающую среду.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1194914?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *