Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ҚЫЗҒАЛДАҚ ГҮЛДЕДІ
📍Түркістан облысына қарасты Ордабасы тауының бөктерінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін – Корольков қызғалдағы гүлдеп, көздің жауын алуда.
🔰Жыл сайын еліміздің оңтүстік өңірлерінде ғана кездесетін бұл нәзік гүл – табиғаттың баға жетпес байлығы. Әсіресе, Ордабасы ұлттық-тарихи мәдени қорық аумағында оның ерекше көптеп шығуы – биылғы көктемнің көркем көріністерінің біріне айналды.
🔰Былтыр құрғақшылықтың әсерінен сирек көрінген қызғалдақ биыл табиғаттың қолайлы жағдайының арқасында жайқалып, тау бөктерін қызыл-сары кілемге орап тұр. Биіктігі небәрі 6-7 сантиметр болатын бұл өсімдік топталып өсіп, кең алқапты көркем кілемдей көмкерген.
🔰Жұпар иісі аңқыған, көз сүйсіндірер көркем келбетімен жанға жылулық сыйлайтын Корольков қызғалдағы – табиғаттың шынайы ғажайыптарының бірі. Оның әрбір күлтесі – сұлулық пен нәзіктіктің белгісіндей.
🔰Сонымен қатар сирек кездесетін бұл өсімдік ерекше қорғауды қажет етеді. Табиғи мұрамызды сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1192220?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *