17 НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ!

Опубликовано:

Автор:

в категории

17 НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ!

Наурызнама онкүндігі аясында отбасы құндылықтарын дәріптейтін Шаңырақ күніне орай әділет органдары саласында ұзақ жылдар қызмет атқарып, өнегелі отбасылық өмірімен үлгі болып жүрген ардақты жандарға құрмет көрсетілді.
Осы күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Кыстаубаева бір-біріне сүйеніш болып, 53 жыл бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан бақытты отбасы Төлен Баймаканов пен Әділет органдарының еңбек ардагері, нотариус Алтай Калимова және 42 жыл бірге ғұмыр кешіп жатқан Маханбет Насиев пен Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институтының химия-токсикология бөлімінің лаборанты Бағила Қажитованың шаңырақтарына арнайы барып, мерекелік лебізін білдірді.
Кездесу барысында әділет саласында адал қызмет атқарып, отбасы берекесін сақтап келе жатқан ардақты жандар ақ баталарын берді. Мұндай тағылымды кездесулер ұрпақ сабақтастығын нығайтып, отбасы құндылықтарының маңызын айқындай түседі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1189823?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *