Балаларға арналған жаңа автокөлік

Опубликовано:

Автор:

в категории

Балаларға арналған жаңа автокөлік сатып алу мәселесі қала әкімі Хасар Хабылбековтың тұрғындармен өткен тұрақты кездесуінде көтерілген болатын. Кездесу қорытындысы бойынша жақын арада автокөлік сатып алу тапсырылды. Бүгін жаңа көліктің кілттерін қала әкімінің орынбасары Қадиша Беготаева табыстады.

– Енді білімге апарар жол кез келген ауа райында жайлы, қауіпсіз әрі жылдам болады. Білімге бастар жол әрдайым жеңіл болсын, – деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, Жетекші ауылында 1920 адам тұрады, жергілікті мектепте 580 оқушы білім алады. Жаңа автобус оқушыларды қауіпсіз әрі уақытылы тасымалдауды қамтамасыз етіп, балалар үшін білімнің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl-zheteksi/press/news/details/1189661?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *