
Аудан көлемінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде өтті. Табиғатты қорғауға бағытталған игі шараға ауыл тұрғындары, ерікті жастар мен түрлі сала өкілдері белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Акция барысында аудан аумағындағы 100-ден астам бұлақ көзі аршылып, айналасы тазартылды. Бұл жұмыстар экологиялық ахуалды жақсартумен қатар, табиғи су көздерін сақтау мақсатында жүзеге асырылды.
Шараға 3000-нан аса адам қатысып, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Экологиялық акция алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1187807?lang=kk

Добавить комментарий