Өз кәсібін бастаған

Опубликовано:

Автор:

в категории

Сандықтау ауданының Жыланды ауылының тұрғыны Түкенова Ботагөз Темірғалиқызы — мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін бастап, табысқа жеткен жандардың жарқын үлгісі. 2025 жылдың басында ол мемлекеттік грант алу мәселесі бойынша «Сандықтау ауданының Мансап орталығы» филиалына жүгінді.

Орталық мамандары бағдарламаның шарттары мен мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіріп, грант алу кезеңдері туралы толық ақпарат берді. Осыдан кейін Ботагөз Темірғалиқызы өз кәсібін бастауға нық шешім қабылдады. Ол «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтіп, бизнес жүргізуге қажетті білім мен тәжірибе жинақтады. Оқуды сәтті аяқтаған соң, шағын кондитерлік цех ашуға арналған бизнес-жоба әзірледі.

Жобасын комиссия алдында қорғап, оң нәтижеге қол жеткізді. Мемлекеттік грантты иеленгеннен кейін, өз идеясын жүзеге асыруға кірісті. Бүгінде оның кәсіпорны табысты жұмыс істеп, өз және көршілес ауыл тұрғындарын сапалы кондитерлік өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.

Ботагөз Түкенованың жетістігі — табандылықтың, еңбекқорлықтың және мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланудың айқын дәлелі. Оның үлгісі ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке бет бұруға және өңір экономикасын дамытуға жігерлендіреді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1187316?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *