
Мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков ашқан сессияға қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібі бойынша сессияның қарауына мәслихаттың «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды.
Сессия барысында депутаттық корпус өкілдері жас қаланы дамыту бойынша атқарылатын жұмыстар туралы сауалдарын қойып, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік саланы қолдауды арттыру және т.б. салалар бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Отырыс соңында күн тәртібінде қаралған мәселе туралы кезектен тыс сессияның шешімі қабылданды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1185836?lang=kk

Добавить комментарий