| |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық а сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» Департамент басшысының орынбасары Ж.С.Самалова Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінен» келіп түскен хаттың негізінде өзгерістер туралы қысқаша шолу жасады. «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» өзгерістері өтініштерді қабылдау, тіркеу, кері қайтару, тыңдау хаттамасы тіркеуде өзгерістерді хабарлады. Тіркеу Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 64- бабына сәйкес тіркеліп, 3-жұмыс күні ішінде кешіктірмей жауап беру, 4-күні жауабын жолдау, өтініште былапыт, дөрекі сөздер қолданылса, 3-жұмыс күні ішінде өтінішке жауап жазылып, қайтарылады және өтінішті қайта жазуға ешқандай кедергі болмайды, заңның 7-бөлігінде жолданым қайта берілсе,бұрыңғы жолданға әкімшілік іске тігіледі, тыңдау хаттамасы ауызша және жазбаша жазылады, ауызша ұялы телефон арқылы аудио, видео қоңыраулармен, жазбаша өтініш иесін шақыртып, хаттама толтырылып, қолдары қойылып, таныстырылады. Заңның 88-бабына сәйкес, тіркеу акт тіркелген уақыты, мерзімі, әкімшілік іс қаралатын күні,өзге де адамдардың мәліметтері көрсетіледі, ауызша тыңдау жүргізілген соң 3 жұмыс күні ішінде хаттама берілсе, 3 жұмыс күні ішінде арызданушы шағымдана алады,15 жұмыс күнінде түскен өтініштер қаралады, 65-бап бойынша, тіркелген уақытта нақты мән-жайларды қарастыру кезінде 2-ай мерзімге ұзартылады және жауапта жоғары тұрған органға жоғары тұрған орган болмаса сотқа шағымдануға болатыны туралы сілтеме жазылуы керек. |
Добавить комментарий