Азаматтарды қабылдау

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлының жүргізуімен кезекті мәрте азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдауға депутаттық корпус өкілдері атынан мәслихат депутаты Дидар Кәкімжанов қатысып тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға назар аударды.

Көпшілік тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі қаланың инфрақұрылым мәселелеріне қатысты болды. Жол құрылысы, көше жарығы, МИБ жұмысы, кәсіпкерлік және т.б сала бойынша сауалдар қойылып, оған заңнама аясында жауап берілді. Түйткілді мәселелерді шешу жауапты бөлім басшыларына тапсырылды.

Қабылдауда көтерілген әр мәселенің оң шешімін табуы мәслихат депутаттарының бақылауында болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1182918?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *