
14 наурыз – Көрісу күні, қазақта Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар қыстан аман шыққанына қуанып, бір-біріне бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде көбіне жастар үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады, үлкеннің ықыласына ие болады.
Көрісу күні ақ тілек арнап, бата алатын күн, бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Амал мерекесі – Наурыздың алғашқы жаршысы іспеттес. Амалдың негізгі шарты – үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау.
Әз-Наурыздың бастамасы болып келген Көрісу күні – әр шаңыраққа бақыт пен құт-береке әкелсін!
Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы Сәкен Займолдин
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/1183130?lang=kk

Добавить комментарий