Атырауда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды таныстыруға арналған іс-шара өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Utebayev University базасында жасанды интеллект (AI) және цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін таныстыруға арналған іс-шара өтті. Жиын барысында күрделі технологиялар қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіріліп, оларды кәсіби қызметте тиімді қолданудың жолдары көрсетілді.

Іс-шараға цифрландыру саласының сарапшылары мен мемлекеттік басқару саласының мамандары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының өкілі Лаура Азизова, Мемлекеттік басқару академиясының тренері, университеттегі AI HUB орталығы жетекшісінің орынбасары Толғанай Мырзакелді, Atyrau Hub өкілі Арнұр Саттығұлова, сондай-ақ Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының өкілі Әйгерім Нұртаева баяндама жасады.

Спикерлер жасанды интеллект құралдарының күнделікті жұмыс процесін қалай жеңілдететінін, деректермен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін және өңірдегі цифрландыру бағытындағы негізгі трендтерді талқылады.

Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы мұндай кездесулер мемлекеттік қызметте цифрлық шешімдерді тиімді енгізуге, мамандардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және өңірдегі инновациялық экожүйені дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1183907?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *