
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қарғалы ауылдық округіндегі «Отырар» индустриялық аймағында салынып жатқан өндірістік парк құрылысының барысын көрді. Жұмыс сапары барысында құрылыс алаңын аралап, жауапты мамандар мен мердігер мекеме өкілдерінің есептерін тыңдады.
Қазіргі таңда нысанда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аумақты тегістеу жұмыстары аяқталып, 5 нысанның іргетасы құйылған. Бүгінде 3 өндірістік ғимараттың темір қаңқасы толық орнатылып, қабырға мен жабын панельдерін монтаждауға дайындық жүргізілуде.
Жоба толық іске асырылған жағдайда өндірістік парк аумағында жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бұл аудан экономикасының дамуына және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға оң ықпал етеді.
Жұмыс барысында аудан әкімі құрылыс қарқынын сақтай отырып, нысандардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1182552?lang=kk

Добавить комментарий