
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ауданымыздың абыройын асқақтатқан қос маман жүлделі ІІ орынға ие болып, Республикаға жолдама алды!
Білім мен біліктілікті, кәсіби шеберлікті талап ететін бұл республикалық олимпиадада мамандарымыз өз тәжірибесін жоғары деңгейде қорғап, шығармашылық ізденісі мен жаңашыл көзқарасын дәлелдей білді.
Бұл – ауданымыздың білім саласындағы сапалы жұмысының, педагогтердің үздіксіз ізденісінің және кәсіби дамуға деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Құрметті әріптестер!
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177932?lang=kk

Добавить комментарий